ПАММ-шоттардың мониторингі
- Инвесторлардың қаражатты инвестициялауы
- Бірінші талабы бойынша Инвестордың барлық қаражатын қайтару
- ПАММ-шотының жай-күйі статистикасының оқтын-оқтын жаңартылуы
- Инвесторлар және Басқарушы Трейдер алатын барлық үлестерді және пайдаларды есептеу және уақтылы қайта есептеу
Мысал:
Басқарушы трейдердің 10000 USD салынған шоты бар. Үш инвестор оған сәйкесінше 1000 USD, 2000 USD және 7000 USD инвестициялауға шешім қабылдайды.
- 1) 1000 USD инвестициялаған бірінші инвестор, 1000 / (жиынтық депозит) = 1000 / (10000 + 1000 + 2000 + 7000) = 1000 / 20000 = 5% тең үлес алады.
- 2) 2000 USD инвестициялаған екінші инвестор, 2000 / (жиынтық депозит) = 1000 / (10000 + 1000 + 2000 + 7000) = 2000 / 20000 = 10% тең үлес алады.
- 3) 7000 USD инвестициялаған үшінші инвестор, 7000 / (жиынтық депозит) = 7000 / (10000 + 1000 + 2000 + 7000) = 7000 / 20000 = 35% тең үлес алады.
- 4) Басқарушы Трейдердің ПАММ шоттағы үлесі құрайды: 10000 / 20000 = 50%.
Осылайша, өзінің ПАММ-шотына 10000 USD салып, одан кейін трейдерлердің инвестицияларын алып, нәтижесінде Басқарушы Трейдер Инвесторлар сияқты шоттағы үлесін алады. Үлестердің барлығы шотқа қатысушылардың барлығының (Басқарушы Трейдерлер мен Инвесторлардың) жиынтық депозитке салымына тура пропорционал болады.
Егер, бұдан кейін сол шотқа 5000 USD инвестициялағысы келетін жаңа Инвестор пайда болса, оның үлесі құрайды: 5000 / ( 20000 + 5000) = 20%. Шотқа басқа қатысушылардың үлестері де жаңа инвестициялық қаражаттың есебінен шоттың өзінің ұлғаюы себепті өзгереді, алайда абсолютті қайта санауда азаймайды.
- 1) Басқарушы Трейдер шотты тіркейді және N доллар сомасына толықтырады
- 2) Басқарушы Трейдерде X доллар сомасын инвестициялайтын алғашқы Инвестор пайда болады. Басқарушы Трейдер саудалауды бастайды.
- 3) Бірте-бірте жаңа Инвесторлар пайда болады, олардың әрқайсысы түрлі сомаларды инвестициялайды (1-ден жүздеген мың долларға дейін). Әр Инвестор инвестициялау кезінде оған тиесілі болатын шоттың пайызын ғана алады.
- 4) Инвесторлардың бір бөлігі шот бойынша өз пайдасын белгілеп, инвестицияларды өзіне қайтаруға шешім қабылдайды.
- 5) Басқа инвесторлар өз үлестерін сауда шотында ұстауды жалғастыра береді.
- 6) Трейдер өз үлесінің бір бөлігін алады.
Жоғарыда аталған операциялардың барлығы толығымен автоматты режимде жүзеге асырылады, оны компания қамтамасыз етеді. Инвестор кез-келген сәтте ПАММ-шоттағы өзінің үлесін алынған пайдасымен бірге қайтаруды сұратуы мүмкін. Пайданың бір бөлігі, Инвесторға қаражатты қайтару кезінде, Басқарушы Трейдердің көрсетілген қызмет ақысын төлеу ретінде Трейдерге төленеді. Басқарушы Трейдерге төленетін пайданың пайызы өзінің ПАММ-шотының баптауларында белгіленген және ол барлық ықтималды Инвесторларға көрінеді.